Қазақ радиосы ел руханиятының алтын қорын қалыптастырды – Елбасы

Қазақ радиосы ел руханиятының алтын қорын қалыптастырды – Елбасы
Inform.kz

Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған салтанатты жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау хаты оқылды.

«Бір ғасыр ішінде осы қарашаңырақта еңбек еткен майталман журналистер мен көрнекті қайраткерлер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, өшпес із қалдырды. Әуе толқынында көптеген бағдарламалар төл мәдениетімізді насихаттауға, ана тілімізді дәріптеуге, ұлт санасын жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосып, қазақ руханиятының алтын қорын қалыптастырды. Қазіргі таңда Қазақ радиосы еліміздегі заман талабына сай дамыған іргелі ақпарат құралының бірі де, бірегейі. Радио алдағы уақытта да жақсылықтың жаршысы болып, талғамы биік тыңдарман қауымды танымдық хабарлармен, тағылымды бағдарламалармен қуанта береді деп сенемін», – делінген Елбасы құттықтауында.