Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды

Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды
dimashnews.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты ер азаматы аталды.

King Choice сайтында өткен дауыс беру қорытындысы бойынша отандасымыз 9 304 871 дауыс жинаған. Екінші орынға оңтүстіккореялық BTS тобының әншісі Ким Сокджин орналасқан – 8 197 925 дауыс. Үшінші орын да тағы бір оңтүстіккорялық орындаушыға бұйырған – Чха Ын У (1 918 514 дауыс).

Бұған дейін Димаштың әні Кубаның ұлттық арнасында шырқалғанын хабарлағанбыз. Сондай-ақ ол Бейжіңдегі студенттер фестивалінде өнер көрсетті.