Түркияның Бурса қаласында Түркі әлемінің үздік туындылары орындалды

Түркияның Бурса қаласында Түркі әлемінің үздік туындылары орындалды

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы ұйытқы болған концертке 5 мемлекеттен 200-ге жуық өнерпаз қатысты.

Еске салайық, көне шаһар түркі дүниесінің 2022 жылғы мәдени астанасы болып жарияланған. Осымен үшінші мәрте өткен шара түріктің белгілі ақыны Юнус Эмренің 700 жылдық және әзербайжан ақыны Низами Генжевидің 880 жылдық мерейтойына арналды. 

Ақерке Тәжібаева, қобызшы:

- Бурса қаласының үлкен симфониялық оркестрімен бірге керемет шығармалар орындадық. Оның ішінде жаңа туындылардың тұсауын кестік. Юнус Эмренің сөзіне жазылған керемет шығармалардың тұсауын кестік. Осындай концерттер жалғасын тапса деген ниеттемін.