Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театры көрермен алдында өнер көрсетті

Елордада ерекше жандарды бір сахнада тоғыстырған «Қанаттылар» инклюзивті театры көрерменге өз өнерін көрсетті. Қойылым халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналды. Спектакльге 20-дан астам адам қатысты. Ал дайындыққа жарты жылға жуық уақыт жұмсалыпты.

Қоюшы режиссердің айтуынша, қойылымды әзірлеу оңайға соққан жоқ.

Нұрфат Вахитов, қоюшы режиссер:

- Қиындық көп болды. Мысалы, саңырауларға, естуі нашар адамдарға түсіндіру қиын болды. Оларға ишара тілмен сөйлеу керек. Мен мысалы, түсіндіремін, олар актерлық мектепті көрмегеннен кейі, түсінбей біраз қиналған жайымыз бар. Бұрын-соңды біздің тәжірибемізде болмағаннан кейін өте қиын болды. 

Инклюзивті театр бас қаламен шектелмейміз дейді. Келер жылы өнер ұжымы гастрольдік сапармен ел ішін аралауды жоспарлап отыр. Театр өміріміздің айнымас бөлшегіне айналды дейді ерекше әртістер.  

Арнұр Ысқақов, «Қанаттылар» инклюзивті театрының жетекшісі:

- Келесі жылға біз гастрольдік сапарлар жоспарлап отырмыз. Және де үш-төрт спектакль осы бірінші жастар театрымен қоямыз. Өйткені балаларымыздың профессионалдық деңгейін көтеру үшін. Ал басқа да спектакльдеріміз өмірден алынған спектакльдер болады.