Азамат Сатыбалды Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

Азамат Сатыбалды Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды
© Photo : Ғ.Мүсірепов атындағы театр

Театр және кино актері Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.

Бұл туралы елордадағы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желіде хабарлады.

«Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын!» – деп жазды ол.

А.Сатыбалды 2018 жылдың 27 желтоқсанында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалған еді.