Алматылық экскаваторшы «Украина дауысында» төрешілерді тәнті етті

Алматылық экскаваторшы «Украина дауысында» төрешілерді тәнті етті

Алматылық Димаш Дәулетов Голос країни жобасының көрмей таңдау кезеңінен сүрінбей өтті.

Қазақстандық өнерпаз сахнада Уитни Хьюстонның І Have Nothing әнін орындап, төрт төрешіні де өзіне қаратты. Экскаватор мамандығы бойынша білім алып, төрт жыл сол салада жұмыс істеген Димаш бала кезінен ән айтады екен. Бала күнгі арманы оны Украинаның басты ән жобасына алып келген.

Жерлесіміз Ольга Полякованың командасын таңдады.