Алматыда Ұлыстың ұлы күні қарсаңында фестиваль-концерт өтті

Алматыда Ұлыстың ұлы күні қарсаңында фестиваль-концерт өтті

Алматыда Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» фестиваль-концерті өтті.

Мерекелік шараға қоғамдық және студенттік ұйым өкілдері ұйытқы болды. Олардың айтуынша, фестиваль мақсаты ұзаққа созылған пандемия мен қаңтар оқиғасынан кейінгі тұрғындардың көңілін көтеріп, бір серпілту. 

Сырымбек Тау,  ұйымдастырушы:

- Жыл сайын тек осындай іс шара емес, мүмкін он мыңдаған адамдар шығып экологияны тазартып ағаштар егеміз. Он мыңдаған адамдар шығып аулаларымызды тазалаймыз. Осындай іс-шараларды біз жастар қозғалысы болып бірігіп атқаруымыз керек деп ойлаймын.