Абайдың қара сөздері түрік тіліне аударылды – Түркия

Қазақтың бірегей туындысы түрік оқырманына жол тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлы Абайдың Қара сөздері түрік тіліне аударылды. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде өткен рәсімге Түркияның қоғам қайраткерлері, көрнекті өкілдері мен ғалымдар қатысты. Қара сөздерді түрік тіліне тәржімалаған жазушы- ғалым Ашур Өздемир. Айтуынша, бұл оның қазақ тілінен түрікшеге аударған 15-кітабы. Шараның жалғасында Ашур Өздемирге екі ел арасындағы мәдени, әдеби байланыстардың дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының II дәрежелі Достық орденімен марапатталды. Сонымен қатар Түркияда құрылған «Отау» мәдениет қауымдастығының басшысы Эльмира Шендуран және қауымдастық мүшелері жастарына қазақтың қара домбырасы тарту етілді.

Ашур Өздемирге, жазушы, ғалым:

– Қазақ пен Абайды жан- жақты түсіндіретін кітаптың бірі – Қара сөздер. Абайды түріктер ақын деп біледі. Дегенмен оның  философиясымен басқа туындыларымен таныс емес. Бұл кітапты аударудағы басты себеп те осы. Әрине бұған дейін қара сөздер аударылған. Алайда менің аудармамның мағынасы өзгешелеу.