Наурыз мейрамы ЮНЕСКО көлемінде мерекеленеді

БҰҰ-ның мәліметінше, әлемде 300 миллиондай адам Наурыз мейрамын атап өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн мен түн теңескен көктем мерекесі БҰҰ-ның халықаралық күнтізбесіне және Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне қосылған. Париждегі ЮНЕСКО ұйымының штаб-пәтерінде Наурыз мейрамын атап өтті. Оған 182 мемлекеттің өкілдері шақырылып, оларды Наурыз ұлттық мейрам саналатын елдердің делегациялары қарсы алды. Дәстүрлі музыка, тағамдар, киім, әшекейлер мен ыдыс. Наурыз түркі және парсы елдері мәдениеттерінің алуан түрлігін көруге мүмкіндік береді. Арнамызға берген сұхбатында ЮНЕСКО ұйымының бас директоры Қазақстан халқы Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Одре Азуле, ЮНЕСКО ұйымының бас директоры:

– ЮНЕСКО-да ұлы мейрам Наурызды тойлап жатқанымызға өте ризамын. Бұл расында Қазақстан, Орталық Азия мен өзге де елдер үшін үлкен мереке. Ең алдымен бұл бейбітшілік символы. Көптеген елдер үшін қиын сәтте бұл мейрам бейбітшілік жолдауы. Барлығын мейраммен құттықтаймын! Наурыз құтты болсын! ЮНЕСКО-мен бірге осы мейрамды атап жатқандарыңызға көп рахмет.