ШҚО-да Қаракерей Қабанбай батырға арналған музей ашылады

ШҚО-да Қаракерей Қабанбай батырға арналған музей ашылады
inform.kz

Музей Өскемендегі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің екінші корпусында болмақ.

Жоба бойынша музей экспозициялары – QR-код пен аудиогидтер арқылы заманауи үрдісте ресімделмек. «Музей білім ордасының екінші корпусында орналасады. Дәл осы жерде ҚР Қарулы Күштері үшін болашақ әскерилер даярлануда. Әскери кафедра 2019 жылы ашылған. Мұражай болашақ офицерлердің қажетті білім мен дағдыларды алулары үшін жағдай жасауға бағытталған. Басты мақсат – жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу», – деді университет ректоры Мұхтар Төлеген. Оның айтуынша, музейді ашуға көмектесу үшін музейтанушылар, сәулетшілер, тарихшылар мен әскерилер шақырылған. Эскиздердің әртүрлі нұсқалары талқыланып жатыр.