Ертіс жұртшылығы да Ұлыс күнін ерекше дайындықпен қарсы алды. LIVE

Наурыз мерекесін ел болып тойламағалы екі жыл болған екен. Пандемияға дейін орталық алаңда ұлан-асыр той өтетін. Әрине биыл ондай жиын жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен күн мен түн теңесіп, жер-дүние жаңарып жатқанда үйде отыра алмайтыны анық. Облыс орталығында «Наурыз», «Достық», «Ынтымақ», «Шаттық», «Татулық», «Думан» ауылдары пайда болды. Бір ауылда қыз-келіншектер Наурыз көже әзірлеуден сынға түссе, екінші ауылда концерт, үшінші ауылда  спорттық шаралар өтіп жатыр. Танымдық киіз үйлерде көшпелі музейлер ұйымдастырылған. Ертіс өңірінің халқы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған көне жәдігерлермен де танысады. Салт-дәстүрлерді тамашалайды. Ұлттық киімдермен суретке түсуге фотозоналар қойылған. Ал ірі сауда орталықтары  қайырымдылық дастархандарын жайыпты. Киіз үйлерге кіріп наурыз көже, ыстық бауырсақтан дәм татуға болады. Жалпы осы күндерге жоспарланған мерекелік іс-шаралар жайында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Самал Бегалиновадан білсек. Самал Балғабайқызы Ұлыс оң болсын. Наурызды сағынған жұртты қандай сый күтіп тұр?

Самал Бегалинова, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы:

Қарылғаш Қасиетова, тілші:

– Әдетте Наурыз мерекесі ұлттық спорт түрлерімен ерекшеленеді. Жасөспірімдер арасында алыс қашықтыққа жүгіруден қайырымдылық марафоны басталған болатын. Наурыздың 19-да Баянауылдан шыққан ультрамарафоншылар жаңа ғана облыс орталығына жетті. Олар мәреге дейін шамамен 220 шақырымды жүгіріп өткен. Сонымен қатар садақ ату, шаңғы тебу, жүгіру, кір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен жарыстар өтіп жатыр. Тағы бір жағымды жаңалық Павлодарда «Қазақфильм» киностудиясы кинофильмдерінің мерекелік фестивалі басталды. Киносүйер қауым отандық  фильмдерді тегін тамашалайды. Мендегі бар жаңалық осы. Әз-Наурыз құтты болсын!