Таразда дәстүрлі сән апталығы ұйымдастырылды

Таразда дәстүрлі сән апталығы ұйымдастырылды

Таразда нео-фольклор стиліндегі дәстүрлі сән апталығы өтіп жатыр.

Биылғы шараның ерекшелігі байқау түрінде ұйымдастырылды. Оған Қазақстан колледждерінен 47 ұлттық киім дизайнері қатысуда. Олар қазақы киімдердің сәнді үлгісін ойлап тауып жарыққа шығаруы тиіс. Негізгі идея ұлттық киім дәстүрін сақтай отырып заманауи сұранысқа бейімдеуге бағытталған. Яғни дәстүрлі киімдерді тек сахна немесе мерекелерде ғана киюмен шектелмей, оны күнделікті киюге болатынын жастарға көрсетуді көздейді. Байқауға қазылық етуге халықаралық деңгейдегі атақты дизайнерлер келген. Олар апта бойы тігін, маркетинг, сән әлеміне қатысты шеберлік сағаттарын өткізіп, өзара тәжірибе алмасады.

Айдархан Қалиев, дизайнер:

- Заман динамикамен өзгергеннен кейін біздің ұлттық киім де өзгереді. Соны жастарға дұрыс бағыт беріп, ол тек ғана жастарға ғана емес. Жасыл түске шашын бояп алады. Не болмаса мұрнын тесіп, құлағын тесіп немесе болмаса хиджап киіп жатыр. Олардың барлығы біздің дәстүрімізге келмейді оның бәрі. Сол үшін өзіміздің дәстүрімізді жасөспірмдерге тәрбие ретінде, мысал ретінде бұл конкурс міндетті түрде керек.