Алматыда Әбсаттар қажы Дербісәлінің елеулі еңбегі таныстырылды

Алматыда Әбсаттар қажы Дербісәлінің елеулі еңбегі таныстырылды

Ол – дінді ілім деңгейіне көтерген тұлға. Әбсаттар қажы Дербісәлі туралы ғылыми орта осылай баға берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дінді ғана зерттеп қоймай, әйгілі ғұламалардың өмірін, шығармашылығын қаузаған ғалымның өлшеусіз еңбегі отандық ғылымның өркендеуіне қосылған баға жетпес қазына. «Әбсаттар қажының еңбектері болмаса, Ислам мәдениетіне қанша үлес қосқанымызды білмейтін едік», – дейді ғалымның шәкірттері. Бүгін Алматыда Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Забытые мыслители великой степи» атты жаңа кітабы таныстырылды. Шара ғалымның жылдық асына орайластырылған. Іргелі еңбекке ғалымның өзі көзі тірісінде Ұлы Даланың есімдері белгісіз болып келген ғұламаларын әлем кітапханаларынан тауып, зерттеп-зерделеген ізденістері енген. Атап айтқанда, Хусамад-дин ас-Сығанаки, Низам ад-дин ас-Сайрами, Жамал Қарши, Әбу-Қасым әз-Замахшари сияқты тұлғалардың бейнесі жаңғыртылған.

Ислам Жеменей, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ ҒЗО жетекшісі:

– Сегізінші ғасырдан бастап Орта Азияда үш тіл ғылым тілі болды. Біреуі араб, екіншісі парсы, үшіншісі түркі тілі. Сонда мысалы, біздің жоғалған дүниелеріз көп. Себебі көптеген талантты ғалымдарымыз араб ілінде оқыды. Араб тілінде жетілді. Араб тірілінде жазды. Әбсаттар аға сол араб тілінде жазылған еңбектерді, болмаа түркілер тарапынан жазылған еңбектерді қазақ тіліне аударып, қазақ ғылымына таныстырды. Бүгінгі кітаптың ерекшелігі.