Ақтөбеде «Алаш Орда» партиясы мүшелерінің тізімі алғаш рет көрмеге қойылды

Ақтөбеде «Алаш Орда» партиясының құрамында болған азаматтардың тізімі алғаш рет көрмеге қойылды. Облыстық архивтен табылған құжатта 1935-36 жылдары саяси ұйым мүшелерінің аты-жөні жазылған. Онда 136 адам туралы аз-кем ақпарат бар. Әсіресе партияға қашан өткені және қызметі жөнінде айтылған.

Сөзінше, бұл өңірдегі алашордашылардың толық тізімі емес. Себебі тарихшылар мен ғалымдардың іздестіру жұмыстары нәтижесінде, елдің азаттығын ойлаған қозғалысқа қатысы бар жандар табылып жатады. Көбі саяси қуғын – сүргін жылдарында қудаланып тұтқындалды. Ал Алаш арыстарының ату жазасына кесілгені тарихтан белгілі. «Ғасырлар үндестігі» атты көрмеде 1932-1933 жылдары РСФСР халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары қызметінде жүрген Тұрар Рысқұловтың, Қазақстан өлкелік атқару комитетінің хатшысына жазған жеделхаты да қойылған. Онда ашаршылыққа тап болған қазақтарды аман алып қалу жөнінде жазылған.

Бақытгүл Ешмұратова, облыстық мемлекеттік архивінің бөлім басшысы:

- Бұл алашордашылар енді Кеңес Үкіметімен басылғаннан кейін әрі қарата халыққа өзінің қызметін көрсетті. Әсіресе біз атап өтуімізге болады, коммунистік партияға өткен Жаманмұрынов Тел Бұқпановичтің қазір біз есеп карточкасын жақында тауып алып, қойып отырмыз. Тағы басқа есеп карточкалар бар. Тізімдегі әрбір адамның фамилиясы бойынша біз жеке-жеке материалдар, құжаттар жинақтауға тырысып жатырмыз.