Мәдениет пен өнер ордасы

Елордада мәдени іс-шараларға баратындар көбейген. Көрермен талғамына сай театрдағы қойылым да түрленген. Қала күні қарсаңында біраз спектакльдің тұсаукесері өтті. 

Қазір қала тұрғындарының өнерге деген қызығушылығы артқаны байқалады. Әсіресе театр табалдырығын аттағандар қатары қалың. «Жұрттың жаппай келуінен әртістер де шабыт аламыз» дейді. Елордадағы көрікті ғимараттың бірі «Астана Балет» театры. Классикалық өнердің де көрермені көп.  

Дүйсен Мұсабеков, «Астана Балет» театры директорының орынбасары:

- Осы ұжымда жұмыс істеп жүрген тек ғана жастар. Бүгінгі күнде біздің театр тек Астанада ғана емес, бүкіл қазақ республикасында, көптеген дүние жүзі қалаларында болдық. Осы балет өнерін өзіміздің және шетел халықтарына алып барып, қазақ жастарының өнерін көрсетіп, олардың қошеметіне бөлену. Олардың тілектерін тыңдау біз үшін үлкен мәртебе.

Театр сахнасында қойылған әр спекткль көрермен тарапынан жоғары бағаланады. Ұжымда 70-тен астам әртіс бар. Өнер ордасы биыл ауқымды 3 спектакль мен 4 хореографиялық қойылымның тұсауын кескен.

Әлия Айтбаева, «Астана Балет» театрының артисі:

- Кейде қиын болады. Кейбір кезде адамды түсінбейсің. Түсініспеушілік болып қалуы мүмкін. Біз екі аптаның ішінде қоюымыз мүмкін. Дайын балет болса, оны көшіреміз. 

Елордада мәдениет пен өнер саласында қызмет етіп жүргендер саны 2 мыңға жуықтайды. Салалық басқармаға қарасты 12 ұйым жұмыс істейді. 43 арнайы мәдени мекеме тағы бар.  

Нұран Қамзин, қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары:

- Біздің көздеген негізі бағытымыз қаламызда түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып, өнер қайраткерлерінің  халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттігін арттыру. Бұған қоса түрлі балалар үйірмесі жұмыс істейді. Кітапханаларды жаңғырту ісі қолға алынды. Осылайша көрермен мен оқырманға жақын болғымыз келеді.

Қала күніне 100-ден астам шара ұйымдастырылды. Мерекелеу маусым айынан басталған. Өнерпаздар бүгін де елорда тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлайды. 

Іңкәр Қайратқызы, Асхат Серікұлы