Елордада ұлттық салт-дәстүр дәріптелді

Елордада ұлттық салт-дәстүр дәріптелді

Республиканың әр өңірінен қазақтың қолөнерін, мәдениетін әдет ғұрыпын ұстанатын аналар жиналып, «Абысын-ажын» атты байқау өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскелең ұрпаққа өз дәстүрін таныту үшін көрме ұйымдастырды. Онда қазақ әйелінің әр кезеңде киетін бас киім үлгілері ұсынылды. Өзге де әшекей бұйымдар мен киімдер қойылған. Сондай-ақ әрбір киімнің тарихы, мән-маңызын түсіндіреді.

Жамалхан Қарағұланова, көрмеге қатысушы:

- Көшіп-қонып жүрген халық ол кезде кимешекті үлкен қылып байлаған. Бала туып қалады, соны орауға. 70-80-дегі апалар ақіреттерін орап жүрген. Біз қазір заманауи үлгідегісін киеміз де, көп нәрсені білмейміз. Өмірде өзіндік ерекшелігі болған. Құндылығы болған.