«Özinşе» отандық стриминг сервисі іске қосылды

Елімізде "Özinşе" балалар мен жасөспірімдерге арналған стриминг сервис іске қосылды.

Онда отандық мультфильмдер мен балаларға арналған контент жүктелген. Ақпарат және қоғамдық даму министр Асқар Омаровтың айтуынша, болашақта шетелдік анимацияларды да платформаға енгізу жоспарланып отыр. Министр бүгінде қазақстандық анимацияға сұраныс артқанын тілге тиек етті.  

Айта кетерлігі, қосымшаны  Android пен IOS құрылғыларына жүктеп алуға болады. 

Асқар Омаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Қазіргі кезде өзінше стриминг сервисіне 3 мың 400 минуттай контент жүктелген. Бұл контент әрі қарай үлкейеді. Бізде 10 жылдың ішінде қазақстанда отандық анимация мектебі құрылды. Анимация қазіргі кезде Қазақстанда көп. Бізбен шекаралас елдерде анимацияны сатып алып жатыр. Қазір біздің анимация бойынша мамандар Қытаймен, Ресей, Түркиямен жұмыс істеп жатыр.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:

- Жалпы қазіргі қазақ анимациясының, қазақ мультипликациясының даму үрдісі Түркі әлемінің ішінде біршама жоғары екені мәлім. Аудиториясы тек қана Қазақстанның шеңберінде ғана емес. Осы бауырлас елдерге кеңінен тарайды деген ойдамыз.