«Бишарашки» фильмі экранға шықты

Бүгін еліміздің барлық кинотеатрларында «Бишарашки» фильмінің премьерасы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Tiger Films продюсерлік компаниясының төл туындысы. Ал кеше шығармашылық топ Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында картинаның алғашқы таныстырылымын өткізді. Премьера алдында картинаны киногерлер, мәдениет саласының мамандары мен журналистерге көрсету дәстүрге айналған. Фильмнің түсірілімі мамыр айында басталған еді. «Нөсерге қалып, бұршақ жауғанына қарамастан жұмыс ойдағыдай аяқталды», – дейді ұжым. Туынданың режиссері Дархан Сәркенов. Сценариін Нұржан Еркінұлы мен Медет Қалибеков жазған.

Еркебұлан Тоқтар, актер:

Комедия, жеңіл. Халыққа керек нағыз. Қиын болған жоқ. Өйткені мен карьерамды осындай рольден бастағанмын. Өмірмен тығыз байланысты барлығы. Өмірден алынған. Адамның өзгерісі көрсетілген. Карьерасы көрсетілген.

Фильмнің желісі қаладан ауылға көшуге мәжбүр болған ауқатты отбасының төңірегінде өрбиді. Талай уақыт ауылға ат ізін салмаған олар өздері күтпеген оқиғаларға тап болады. Картинаға Жан Байжанбаев пен Әсел Сағатова, Иісбек Әбілмәжінов секілді актерлермен бірге боксшы Жанқош Тұраровта түскен.  

Иісбек Әбілмәжінов, актер:

Актерлік құрам жақсы. Жақсы ансамбль бар деп тұрмын ғой. Режиссер, продюсерлер құрайды ғой актерский құрамды. Актерский құрам жақсы. Енді көрерменнің көңілінен шығады деген ойдамын. Бағасын көрермен бере жатар.

Оқиғаның немен аяқталатынын өздеріңіз барып көргендеріңіз дұрыс. Бүгіннен бастап «Бишарашки» фильмі еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Ал болашақта Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қытайда прокатқа шығару жоспарланып отыр.

Авторлары. Ұлан Нарынбек, Кенже Амраев