Биыл түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа 30 жыл

Биыл түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа 30 жыл
365info.kz

Осыған орай Академия президенті Дархан Қыдырәлі Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен кездесуде айтулы датаны атап өту жайында ой бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дархан Қыдырәлі бауырлас елдердің ықпалдастығын арттыруға қатысты ұсыныстарын айтса, Ерлан Қарин түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңыздылығын атады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айтқан руханият, мәдениет, білім-ғылым салаларына қатысты бастамаларының мән-маңызына тоқталды.