Мен үшін өмір сахнада өтті – халық әртісі

Мен үшін өмір сахнада өтті – халық әртісі

1958 жылы қазақ радиосы мен теледидарында алғаш рет жанды дауыста ән салған әнші елдің есінде болар. Ол – Латиф Хамидидің «Жайлауым» әнін орындаған 3-курс студенті Гүлвира Разиева еді. Содан бері екі өнердің басын тең ұстаған әнші-актриса шығармашылықтан бір сәт қол үзген емес. Ұйғыр халқының тұңғыш кәсіби әншісі, Қазақстанның Халық әртісі Гүлвира Рузиева қазір 86 жаста, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақ радиосы мен теледидары шығармашылығымның бастауы болған шаңырақ, дейді халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Гүлвира Разиева. Дауылпаз диктор Әнуарбек Байжанбаевтың таныстыруымен жанды дауыста ән шырқаған әнші көп ұзамай тыңдармандары арасында аңызға айналды.

Гүлвира Разиева, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері:

– Ол мені тікелей эфирде екі ән орындайтын Алматы консерваториясының студенті деп таныстырды. Ол Латиф Хамиди мен Құдыс Қожамжаровтың әндері болатын. Екі әнді де жанды дауыста орындадым.

Сол жылы әншінің Қазақ радиосы мен теледидары әлеміндегі өмірі басталады. Алғаш құрылған эстрадалық-симфониялық оркестріне солист ретінде шақырылады. «Өнерім – өмірім» дейтін әнші, барлық күш-жігерін шығармашылығын шыңдауға арнады. 

Гүлвира Разиева, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері:

Тек өнерді, тыңдармандарды ойладым. Күйеуімнің маған «сізге әрқашан сыйлық жасадым. Ал сіз бәрін сахнаға арнадыңыз» дегені бар. Жеке өмірім үшін дүние жиған жоқпын. Мен үшін өмір сахнада өтті.

Гүлвира Тұрсынқызы 60 жылдан аса Қазақ радиосы мен теледидарында қызмет етті. Осы жылдар аралығында қазақ, ұйғыр, татар тілдерінде бес мыңнан аса ән, ария мен романсар жазылды. Бұл кәсіби музыкалық шығармалар жылдар өтсе де тыңдарманын жоғалтқан емес.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев