Алматыда отбасы құндылығын дәріптейтін көрме өтті

Алматыда отбасы құндылығын дәріптейтін көрме өтті

Қыркүйектің алғашқы жексенбісі – Отбасы күні. Осыған орай отандық қылқалам шеберлерінің бастамасымен көрме ұйымдастырлды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экспозицияға Өмірбек Жұбаниязов, Максим Ведерников, Азат Табиев, Эдуард Казарян сынды кәсіби суретшілердің 50-ден астам еңбегі қойылды. Картиналар сан алуан болғанымен, мағынасы ортақ. Балалық шақ, жанұя берекесі, ұрпақ сабақтастығы мен махаббатты дәріптейді. Яғни адамгершілік құндылықтарды жаңғыртып, отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған. Көрме 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

Өмірбек Жұбаниязов, Қазақстан суретшілер одағының төрағасы:

– Адамның жанына жақын, жанымызды жылытатын тақырып. Қазіргі күнде әлемде болып жатқан небір жағдайларға қарағанда, осы бір келіп, іштегі ұмытылған сезімдерді оятатын көрме деп ойлаймын.