Жаңа әлемдік рекорд: елордада музыкалық жобаға 51 елден адам қатысты

Елордада жаңа әлем рекорды тіркелді. "Әлем музыкасы" атты жобаға 51 елден 75 ұлт өкілі қатысты.

Көпұлтты оркестр «Қара жорға" әнін  шырқады. Абайдың «Желсіз түнде жарық айы» туындысы да оркестрдің сазына арқау болды. Қазақ әуендерінен кейін басқа да әлемге танымал әндер  орындалды. Ал рекордты Гиннестің әлемдік рекордтар кітабының төрешісі Jack Brockbank әлемдік деңгейдегі шараға арнай келіп тіркеді. Ауқымды шара елордада өтетін Әлемдік дін көшбасшыларының съезі қарсаңында ұйымдастырылды.

Дәуіт Шайхисламов, ұйымдастырушы:

- Біз кастинг жарияладық. 500-ден аса адам өтінім білдірді. 5 күн күн демей, түн демей дайындалды. Грузиядан келген Geo Folk Tour ұжымы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаса, Диана Макина украин ұлтының «Я люблю тільки тебе» әнін нақышына келтіріп шырқады. «Туған жер» балалар хоры M. Jackson-ның We Are The World әнін сыйлады.