Суретшілер жұмыстарына отбасы құндылықтарын арқау етті

Суретшілер жұмыстарына отбасы құндылықтарын арқау етті

Алматылық суретшілер жұмыстарында отбасы құндылықтарын арқау етті.

Мемлекеттік орталық музейде Отбасы күніне орай «Мәдени құндылықтар өнерді біріктіреді» деген тақырыппен көрме ашылды. Ол жерде кескіндеме, акварель, графика, майлы бояумен салынған картиналар мен қоса сәндік-қолданбалы өнерге жататын 30-ға жуық жұмыс көрермен назарына ұсылды. Оның жартысынан астамы әуесқой суретшілердің қолынан шыққан. Қалғаны студенттердің еңбегі. Жалпы, көрмеге 20-дан астам қолөнер мен қылқалам шебері  жұмыстарын ұсынған. Тіпті оның арасында италиялық суретшінің де картинасы бар. Ол өзінің еңбегін осы көрмеге арнайы жіберген. Ал жергілікті өнер шеберлері өз еңбектерінде ана мен баланы, ене мен келінді және отбасындағы әкенің ролін, бала тәрбиесін басты тақырып етіп алған. 

Гүлнар Табанова, суретші:

- Өзіміздің қазақтың ұлттық дәстүрлі баскиімі, киімдері және үй ішінің киіз үйдің жабдықтарын, басқұр, киіз алаша соларын бейнеледім. Одан басқа сәукеле жасадым. Көрмеде қазақтың даласын, үй-ішін, бала-шаға соларды көрсеткен енді.