Р. Бағланованың 100 жылдығы туған жерінде тойланады

Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай  күміскөмей әншінің туған жерінде, дүбірлі той болмақшы.

«Қазақконцерт» өнер ұжымы Роза Бағланованың 100 жылдығын Қызылорда облысына, гастрольдік сапар аясында кеңінен атап өтеді. Өнер майталмандары 30 қыркүйектен бастап қазан айының соңына дейін, ауыл-аймақты аралап, концерттік бағдарламаларын ұсынады. Айта кетейік, биыл ұйымға, Роза Бағланованың есімі берілді.

Ақтоты Райымқұлова, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МКҰ директоры:

- Біз жыл бойы Роза Тәжібайқызының атын ұлықтауға, өнерімен адамдарды таныстыруға арналған бірнеше жобаны жасадық. 30-22 Осы жобалардың аясында Қызылорда облысына осы апайымыздың туған жеріне барып, Аралға, Қармақшыға, Қазалыға, Байқоңыр қаласына өзіміздің ұжымымыздың белді әртістерімен бірге өнерімізді көрсетеміз және осы апайымызға арналған үлкен концерттерге, фестивальдарға қатысайық деп жобалап отырмыз.