Австрияда қазақстандық жас суретшілер көрмесі ашылды

Австрияда қазақстандық жас суретшілер көрмесі ашылды

Австрияның Вена қаласында Қазақстан жас суретшілерінің көрмесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған «Жануарлар – менің достарым» және «Менің жасыл планетам» байқауларының 10 жеңімпазы қатысуға мүмкіндік алды. Қазақстанның Австриядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрмені тамашалауға Біріккен ұлттар ұйымының, Вена мэриясының өкілдері келді. Шара балалар арасында жануарларға деген сүйіспеншілікті насихатттауға бағытталған. Қатысушылар тек сурет салып қана қоймай, аталған тақырыпта эссе мен бейнеүндеу әзірледі. Қонақтар дарынды оқушыларымыздың туындыларына жоғары бағасын берді.