Мұхтар Шаханов 80 жаста

Мұхтар Шаханов 80 жаста

Мұхтар Шаханов – тұтас бір дәуір. Ат жалын тартып мінгелі, қолына қалам ұстағалы ақынның мұңы - қазақтың мұңы болды. Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасымен дараланған қаламгер елдік, ұлттық мәселелерді шығармашылығының темірқазығына айналдырды.

Оқырманның ақынға көрсеткен құрметі – соның көрінісі.

Смағұл Елубай, жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Шынына келгенде, ақынның ақындығынан бөлек бір қасиеті бар. Ол көп ақынға дарымаған. Мұхтарға дарыған оның қайраткерлік қасиеті, күрескерлік қасиеті, тіл үшін Арал үшін Желтоқсан үшін ол кісінің қаламмен де жанымен де күйіп жанған кезі ел есінде.

Ақынның туған жері – ұлылардың мекені, орта ғасырларда өркениеттің ордасы болған – Отырар өлкесі. Шайырдың шығармашылығына тарихи тақырыптың арқау болуы да сондықтан. Ақынның жалғандықтан ада, шынайы жырларын оқырманы қай кезде де тапжылмай тыңдауға бар.

Дулат Исабеков, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

- Көп жерде мен айтамын. Шындығында осы нағыз қаһарман еңбек ері емес, нағыз қаһарман осы Мұхтар. Көбіміз столдың астына кіріп кеткен кезде Мұхтар басын қатерге тігіп үйіне почта жәшігіне хат тастап енді сен 86-жылды көтеретін болсаң біз сені көтереміз саған көрсетеміз деген сөз ғой енді, Мұхтардың беті қайтқан жоқ.

Мұхтар Шаханов әдебиеттің бірнеше жанрында еңбек етті. Қаламгердің поэзия, проза, драматургиядағы еңбектері өлшеусіз. Қаламгерлер арасына тараған «жазушы зейнетке шықпайды» деген тәмсіл бар. Себебі оның қаламы көз жұмғанша қолынан түспейді. Сексеннің сеңгіріне шыққан Мұхтар Шаханов әлі де өршіл өлеңдерімен оқынмандарын қуантатыны сөзсіз.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев