Астанада «Күлбике» спектаклінің премьерасы өтті

Астанада «Күлбике» спектаклінің премьерасы өтті

Елордада «Күлбике» спектаклінің премьерасы өтті. «Астана Опера» театры ертегідегі оқиғаны заман талабына сай бейімдеп, хикаяның жаңа аспектілерін көрсетеді.

Өгей шешеден езгі көрген Күлбике спектакльде ательесі бар фэшн-дизайнер. Ал ханзадасы музыка шығарумен айналысатын ди-джей болады. Осылайша спектакль тек балалар ғана емес, ерсектерді де баурап алады.  Бір сахнада Рококо дәуірі мен заманауи технологиялар тоғысады. Сондай-ақ балет хореографиясы поп-би және брейк-данс элементтері бар неоклассика стилінде әзірленген. Десе де романтикалық ертегі спектаклінің дәстүрлері сақталады.  Балеттің негізгі бөлігі Сергей Прокофьевтің музыкасына орындалады. Бұған қоса Джимми Дюрант, Билли Рэй Сайрус, Луи Армстронгтың әуендері қолданылған. Қоюшы хореографы германиялық Раймондо Ребек. 

Сұлтанбек Құрмаш, актер:

- Бұл жерде бір ерекшелігі гироскутермен шығамын. Фея гиросуктермен ұшып жүрген сияқты болып атмосфера береді. Күлбике балетін жаңа форматта көрсетпекші. Заманауи техниканы қолданып, заманауи билер бағытында, бұл жерде тек ғана балет емес, көшенің де билері болады. Себебі қазір жастарды, кішкентай балаларды театрға баулу ретінде осындай тәсіл қолданып отыр.