Театр және кино актрисасы Ш.Жандарбекованың мерейтойына арналған шаралар жалғасады

Көрнекті театр және кино актрисасы Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған шаралар легі жалғасын таппақ.

Бұл туралы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры Айболат Жаудыр журналистерге арналған брифингте айтты. Фестивальге қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен 27 театр ұжымы өтініш білдірген. Алайда «Сарапшылар кеңесінің» шешімімен 10-ы ғана өнер көрсетеді. Фестиваль бүгіннен бастап қазанның 23-іне дейін жалғасады. 

Айболат Жаудыр, Қ.Қуанышбаев атындағы МАҚ музыкалық драма театрының директоры:

- Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша бөлінген 7 номинация берілетін болады. Жеті номинация: үздік екінші пландағы актриса/актер, үздік актер/актриса, сахналық шешім яғни декорацияларды бағамдайтын, үздік режессура және үздік спектакль. Осы номинациялар берілетін болады. Әрине, ең үлкен жүлдесі миллион теңге қаржылай сыйлығы бар.