Марио Пьюзоның «Өкіл әке» кітабын енді қазақша оқи аламыз

Қарағанды облысының Тілдерді оқыту орталығы америкалық жазушының осы шығармасын аударып, басып шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Бұл бестселлер детектив жанрындағы әлемнің үздік 100 романы қатарында. Ал қазақшаға аударуға оқырмандардың сұрауы негіз болған. Әлем жұрты қызығып оқыған, шытырман оқиғалы шығарманы қазақ тілінде сөйлеткен автор, Қазақстан журналистері одағының мүшесі – Сүйіндік Жаныспай.

Алмагүл Игенова, облыстық Тілдерді оқыту орталығының басшысы:

- Қазір біздің орталықпен «Бірде Америкаданы»(Однажды в Америке) аударып, дайындап қойдық, бұл кітап та бір айда жарыққа шығатын болады. Жалғасын табады деп ойлаймыз, себебі сұраныс көп. Мысалы, балалар әдебиетін неге жеңіл тілде аударылмайды, қызықты кітаптарды неге аудармайды деп бізге ұсыныс жасады.