Елордада «Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» атты жинақ жарық көрді

Қазақтың ру-тайпаларының шығу тегі мен ежелгі бабалар мекені тағы бір кітапқа арқау болды.

Елордада «Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» атты жинақ жарық көрді. Кітап авторы – араб, парсы, шағатай тілдерінің білгірі - Зәріпбай Оразбай. Автордың айтуынша, жинаққа бірқатар ғұлама ғалымдардың еңбектері мен шығармалары енген.

Зәріпбай Оразбай, жинақ авторы:

- «Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» деп атауымның басты себебі ұл жерде біздің түрк атамыздың тарихы берілген. Түрк атамыз ең алғашқыда Алатау мен Қаратаудың баурайында, Сайран мен Талас қаласының екі аралығында мекендеген. Бұл біздің Түркілердің алтын бесігі деуге болады.