Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды

Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Эстрада», «Халық шығармашылығы», «Әдебиет», «Театр және кино», «Дизайн өнері», «Журналистика», «Қоғамдық қызмет», «Ғылым» салаларына өзіндік үлес қосқан 14 жас Ақпарат және қоғамдық даму министрінің қолынан төсбелгі алды. Елдің талантты жастарына арналған «Дарын» сыйлығының тағайындалғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде 300-ден астам жас буын өкілі аталған сыйлықтың иегері атанған.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Осы орайда сіздерге айтар сүйінші жаңалығымыз бар. Бүгін Парламент Сенаты жастар саясаты туралы заң жобасын мақұлдады. Жастарға арнайы қабылданып жатқан ос заң жобасы біздің жастарымызға құтты болсын. Дарын мемлекеттік сыйлығын Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген жастармен бірге талантты шығармашылық жастар марапатталады.