Түркістанда «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды

Түркістанда «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 18 ақын бақ сынауда. Киелі өнерді насихаттауға «Аманат» партиясы мұрындық болып отыр. Ақындардың басты додасы 2012-ші жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.

Ерлан Қошанов, Парламент Мәжілісінің төрағасы:

- Қ.Кемелұлы әділдік жолына бет бұрып жатыр. Қоғамымыз өзгеріп жатыр. Еліміз жаңа дәуірге қадам басып жатыр. Міне бүгінгі осы ұлы өзгерістерді болашаққа жеткізетін осы біздің ақындарымыз деп ойлаймын. Нағыз ақынның ғана жүрегінен шығатын кесек-кесек ойларды, аталы сөздерді бүгін естиміз деп ойлайм.