Түркістанда Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті

Түркістанда Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеште Мұхтар Шаханов ұлтты сақтау, мемлекетті қорғау, руханиятты қолдау бағытында ойларын айтты. Әр адам парасат пен  шындық биігінен  көрінуі тиіс-деді ақын.  Мерекелік кеште ақынның сөзіне жазылған таңдаулы әндер шырқалды. Сонымен бірге өзі де  Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілерімен бірге «Туған күн кешінде» әнін шырқады.

Мұхтар Шаханов, ақын:

- Мен тек қана шындық үшін күресіп келе жатқан адаммын. Сондықтан осында қатысып отырған адамдардың барлығы тек шындық, ұлттық мүдде, елдік бигінен, рухани-парасат, әділдік биігінен көріне берсін. Осы кешті ұйымдастырған бауырларыма алғысымды білдіремін. Әр дайым жұлдыздарыңыз тек шындық биігінен жарқырай берсін. Әумин!