1477 адам теріс ағым жетегінен құтқарылды

«Зекет және қайырымдылық» қоры биыл «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында баспанаға аса мұқтаж 114 отбасының үйлі болуына ықпал етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған игі іс бойынша осыған дейін 623 баспана кілті берілген екен. Бұл туралы бас имамдардың жылдық есеп беру жиынында айтылды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Төралқа мәжілісінде 7 негізгі бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін тыңдады. Елдің әр өңірінен келген бас имамдар биыл 400-ден астам игі іс-шара өткізілгенін айтты. Соның ішінде ел азаматтарын теріс ағымдардан сақтау,құтқару жұмыстары белсенді жүргізілген.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

- Қазір әлемде болып жатқан үрдіс. Дін атын жамылып әртүрлі ағымдардың пайда болуы. Алдын-алу үшін біз профилактикалық шараларды ұйымдастырамыз. Ақпараттандырамыз,елімізді халқымызды. Ал енді сондай ақпараттарға түсіп қалған адасқан адамдармен жекелеген жұмыстар жасаймыз. Биылғы жалпы есептің қорытындысы 10 мыңға жуық жекелеген және жалпы кездесулер өткен. Осы бағыт бойынша. Соның мың жарымға жуық нақты айтатын болсақ 1477 адам түзеліп райынан қайтқандар.