«Жас сарбаз» орталығының өнерпаздары алғашқы есептік концертін өткізді

«Біз жастарға сенеміз».

Осындай атаумен «Жас сарбаз» орталығының өнерпаздары алғашқы есептік концертін өткізді. Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы жанынан құрылған студияның, жас өрендері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Былтыр Қорғаныс министрінің тапсырмасымен Қарулы күштер мен басқа да күштік ведомство қызметкерлерінің балаларына арнайы шығармашылық студия ашылған. Онда жеткіншектер би, актерлік шеберлік, вокал және домбыра сынды төрт бағытта тегін тәлім алады. 

Ақзияш Нұрманова, қала тұрғыны:

- Қызымыз осы студияның би үйірмесіне қатысады. Қызым биге деген талпынысы артқан. Биді өте жақсы көреді. ҚМ басшылығына алғыс айтамын. Бұл студия тегін. Қаншама әскери қызметкерлердің балалары өнер көрсетіп жатыр.