Ер түріктің бесігі Түркістанға зиялы қауым жиналды

Ер түріктің бесігі Түркістанға зиялы қауым жиналды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді.

Алғашқы құрылтай былтыр маусымда ұлт ұясы Ұлытауда өткен. Сол жерде Мемлекет басшысы екінші құрылтайды ер түріктің бесігі болған Түркістанда ұйымдастыруды ұсынды. Осылайша сан ғасырдың куәсі болған көне шаһарға кеше зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар жалпы қоғамдық пікір көшбасшылары жиылды. Құрылтай қарсаңында 3 жұмыс секциясы жоспарланған. Оның екеуі түске дейін өтті. Алғашқысы «Қоғамдық консолидация» тақырыбымен Фараб кітапханасында ұйымдастырылды. Модераторы - Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаева. Бірінші сессия барысында Ұлттық құрылтай мүшелері азаматтық қоғамды дамыту, этносаралық бірлікті нығайту, қоғамдық бірлестіктердің қызметін заңнамалық реттеу, ұлттық идеология, өңірлердегі қоғамдық кеңестердің рөлі мәселелерін талқылады. Отандық БАҚ пен медиа контентті дамыту жайы да пысықталды.

Бибігүл Жексенбай,  Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары