Астанада «Алтын өлке аңызы» қойылымының тұсаукесері өтті

Астанада «Алтын өлке аңызы» атты қойылымның тұсаукесері өтті.

Оған әртүрлі жастағы балалардан құралған 100 ден астам өнерпаз қатысты. Премьерада қойылыммен қатар «Замандас» жобасының ұраны да шырқалды. Спектакльдің мақсаты: көрермендерге отбасылық құндылықтың маңызын көрсетіп, балаларды қамқорлық пен бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Кең даланың аңызынан сыр шертетін қойылымда адам әлемі мен жануар әлемінің өзара үндестігі бейнеленген. Дала еркесі елік десек, оған қамқорлық жасайтын адамзат. Киелі жануардың пендеге деген рақымы, ұлттық дүниетаным, дүниенің жақсылығы мен зұлымдығы, отбасылық құндылық бүгінгі спектакльдың арқауы болды.