Елордада Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті

Еліміздің барлық аймағында Конституция күніне арналған шаралар легі жалғасып жатыр.

Астанада «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік концерт болды. Әншілер патриоттық әндерді әуелетіп, көпшіліктің ұлттық рухын көтерді. Шара эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.

Айтқали Жайымов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
- Өркениетті елдің біріміз. Қандай бір ел болсын иық тіресе аламыз әр елменен. Ата заңымыз бойынша өмір сүріп келеміз, өмір сүруіміз керек. Ата заң барда – мәдениет бар дейміз, Ата заң барда – өнер бар, болашақ бар. Біздің біртұтас еліміз бар.