Францияда қазақ тарихына арналған көрме ашылады

«Ұлы дала жауһарлары» Париж төрінде көрсетіледі.

Қазақстанның Ұлттық Музейі 6 қарашада Франция астанасында көпшілік назарына 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көшпелілер мәдениетіне тән сирек кездесетін жәдігерлерді  ұсынады.  Қазір  Париждегі   іс-шара қарсаңында ауқымды жарнама науқаны жүріп жатыр. Айта кетейік, көрме бес айға жалғасады. Іс-шара еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің қолдауымен  ұйымдастырылып отыр.  Жалпы Гиме  музейі Азия өнері жинағы бойынша еуропадағы ең ірісі саналады. Жыл сайын ондағы жәдігерлерді тамашалауға  300 мыңдай адам келеді.