Өзбек хан ұстаған Құран кітабының көшірмесі таныстырылды

Алматыда Алтын Орда мемлекетінің билеушісі Өзбек ханның алтын сиямен жазылған Құран кітабының көшірмесі таныстырылды.

Құранның түпнұсқасы Түркияда сақталған. Ол 1318 жылы жазылған деген болжам бар. Өзбек хан тұсында дидактикалық, діни сопылық шығармалар көп жазылды. Кітап «Алтын Орда өркениеті: рухани мұра және дәстүр жалғастығы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында таныстырылды. Қатысушылар Алтын Орда өркениеті, Жошы ұлысының рухани мұрасы, сол дәуірдегі дін мен дәстүр сабақтастығын талқылады. Сонымен қатар жазба жәдігерлер, әдеби ескерткіштермен бірге Өзбек ханның Құранын зерттеу жайы да сөз болды.

Төрәлі  Қыдыр, ҚМДБ  жанындағы  Ислам  ҒЗИ директоры:

«Енді бұл ғалымдардың зерттеу нысанына алынады. Ондағы жазылған шрифтар, каллиграфиясы қандай. Құсни хатшы туралы мәліметтер. Сондай-ақ, бұл қазақ қоғамына, руханиятына не береді деген мәселелер бүгінгі біздің Ислам ғылыми-зерттеу институтының басты назарында тұрады».