Қарағандыда «Алаш айлығы» жобасы аясында көрме өтті
Қарағандыдағы Жаңа Майқұдық мәдениет сарайында «Алаш айлығы» жобасы аясында көрме өтті, деп хабарлайды 24KZ. «Бабадан қалған асыл сөз» тақырыбындағы көрмеде Алаш арыстарының қанатты сөздері жазылған тақталар қойылған.
Жоба қараша айының 14-де басталған. Осыған дейін ұлт қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген танымал тұлғалармен, Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ музыкалық театрының «Ұлтқа қызмет» спектаклінде Алаш арыстарын сомдаған әртістермен кездесу ұйымдастырылған. «Ал Тәуелсіздік күні өткен көрме – қорытынды шара», – дейді мәдениет үйінің қызметкерлері.
Еркебұлан Елтай, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы:
- Жалпы осындай Алаш айлығындай өткізіліп жатқан іс-шаралар жастарға, келешек ұрпаққа патриоттық сезімдерін оятып, осы қазақтың көрнекті қайраткерлерін насихаттауға, бойларындағы патриоттық сезімін арттыруға ықпал етеді деген ойдамыз.