Өнертапқыш электронды домбыра жасап шығарды

Петропавл тұрғыны қазақтың қара домбырасын түрлендіріп, электронды нұсқасын жасап шығарды, деп хабарлайды 24KZ. Атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық аспапты «меди-домбыра синтезаторға» айналдырды.

Болат Қанафин алғашқы электронды домбырасын 1989 жылы жасап шығарды. Өнертапқыш қазақтың ұлттық аспабын түрлендіріп, заманауи үлгіге айналдырды.

Дыбыс электроникалық генератор арқылы синтезделіп, скрипка, гитара, фортепиано, мандолина, кларнет, клавесин аспаптарының ырғағын шығарады. Оны компьютерге қосып, музыка басуға да болады.

Болат Қанафин, қала тұрғыны:

- Мойнының жіңішкелігі арқылы өте жедел ырғақпен вертуозды түрде ойнайтын мүмкіншілігі бар және электроника арқылы жетілдірген, дамытылған. «Ударные инструменты», эффектері бар. Сонымен қатар неше түрлі аспаптардың дауысын шығарып ойнайтын мүмкіншілігі бар. Биік дәрежелі професссионалды аспап мынау дайын негізінде.

Қазір музыканттың қолында меди-домбыра сентизатордың 3 түрі бар. Өнертапқыш өзінің шығармашылық идеясын Қазақстанда патенттеп алған. Енді төртіншісі аспабын жасауға кірісті. Оның пернелері сенсорлы болады.  

Болат Қанафин, қала тұрғыны:

- Қазақтың ұлттық аспап музыкалық аспаптарының үнін шығаратын генератор кіреді. Міндетті түрде кіреді. Ол менің өз алдымда қойған жоспарым. Сосын оның бәрінде мынау халықаралық патент бюросында дәлелдеп, құжаттарын дайындап патенттеп алу керек.

Болат Қанафиннің басты мақсаты – домбыраны халықаралық деңгейде патенттеп, қазақтың өнерін әлемге паш ету. Әзірге бұл ойын іске асыру үшін инвестор іздеп жүр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков.