МСҚ сайлау комиссиясы мүшелерінің ПТР тест шығынын өтейді

МСҚ сайлау комиссиясы мүшелерінің ПТР тест шығынын өтейді

Сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар және сенімді адамдардың ПТР тестіден өту шығынын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтейді. Бұл туралы «Хабар 24» арнасында көрсетілген Орталық коммуникациялар қызметіндегі елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингте айтылды.

«ПТР тестіден өту Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржысы есебінен жүзеге асады. Сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар және сенімді адамдарды біз тесттен өткіземіз және бұған кететін қаражат ӘМСҚ арқылы өтеледі. Сайлау өтетін жер адам көп жиналатын және дауыс беретін жер болғандықтан бүкіл сайлау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тестілеуді тегін өткізу туралы шешім қабылданды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.