ІІМ мен Бас прокурор жаңа жобаның тиімділігін көріп, оң бағасын берді

ІІМ мен Бас прокурор жаңа жобаның тиімділігін көріп, оң бағасын берді

Енді қылмыстық процессте азаматтардың құқығы заңмен қорғалады.

Жаңа құжатқа сай тергеу органдары қабылдап келген тұлғаны күдікті деп тану, істі тоқтату сынды 5 маңызды шешімі прокурорлармен келісілуі тиіс. Жыл басынан бері 1400-ден аса процессуалдық шешімнің 1200-ден астамы ғана бекітілген. Қалғанының күші жойылды. Жаңашылдық пилоттық жобамен сыналды. Яғни қылмыстық істерді тергеу электронды форматта жүзеге асқан. Бүгін Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жобаның тиімділігін көзбен көріп, оң бағасын берді.

Санжар Әділов, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы:

- Цифрландыру нәтижесінде ІІО 50%-і қылмыстық істерді электронды түрде тергелген. Пилоттық жоба бойынша прокурор бұрын 10 күннің ішінде тексеретін болған, қазіргі таңда тек тәуліктің ішінде прокурор процессуалдық шешімді тексеріп, әрі қарай қылмыстық істер сотқа жолданатын болады.

Бауыржан Мырзакенов, Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры:

- Адамды күдікті деп есептеу, қылмыскерлердің әрекеттерін саралау, қылмыстық істі тоқтату туралы шығарылатын қаулылар жатады. Бұл шешімдерге прокурорлар келісім бермеген жағдайда олардың заңдық күші болмайды. Аталған шаралар азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға және қылмыстық процессте заң бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталады.