Атырау облысында бір тәулікте 107 адамнан COVID-19 анықталды

Атырау облысында бір тәулікте 107 адамнан COVID-19 анықталды

Бір тәулік ішінде індеттің 107 жаңа жағдайы анықталған Атырау облысында науқастардың көпшілігі Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың скринингі нәтижесінде анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, аймақта вирус жұқтырғандардың жалпы саны 14 173-ке жетті. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша, қазір облыстың 300-ден астам тұрғыны үйде емделуде, тағы 100-ден астам пациент инфекциялық стационарларда. Теңіз кен орнындағы госпитальда 900-ге жуық адам ем алып жатыр.