Алматыда көлік айнасының ұрысы қылмыс үстінде қолға түсті

Алматыда көлік айнасының ұрысы қылмыс үстінде қолға түсті

Алматыда айна ұрысы қылмыс үстінде қолға түсті, деп хабарлады Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 30 жастағы Р. есімді ер адам қымбат көліктерден бүйір айналарды ұрлаумен айналысқан. Бұл жолы 54 жастағы әйел қылмыскердің әрекетінен зардап шекті.

«Төлебаев көшесінде тұрған өзінің «Лексус-570» автокөлігінен белгісіз біреудің бүйір айналарын алып тастағаны туралы З. есімді азаматша дереу хабар берді. Осы қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Бейнебақылау камерасының көмегімен күдікті тез анықталды. Бұл бұрын осындай қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1990 жылы туған Р. есімді азамат. Жедел-іздестіру шараларының алғашқы сағаттарында оның автокөлік айналарын ұрлаудың 10 эпизодына қатыстылығы дәлелденді. ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін «жеңіл ақша әуесқойының тізімі» деп аталатын жазбаға толықтырулар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу жалғасуда», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ұрланған айна тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына тіркелді.