Түркістан облысында сайлаушылардың 50 проценттен астамы дауыс беріп үлгерді

Түркістан облысында сайлаушылардың 50 проценттен астамы дауыс беріп үлгерді

Түркістан облысында сайлаушылардың 50 проценттен астамы дауыс беріп үлгерді.

Өңірде 1 млн-нан астам сайлаушы тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дауыс беру бойынша Сайрам мен Сарыағаш аудандары алда келеді. Жалпы аймақта 1 мың 315 сайлаушы денсаулығына байланысты үй жағдайында дауыс берді. Ал Түркістан қаласының тұрғыны Еркінбек Шалтан қоларбада отырғанына қарамастан сайлау учаскесіне өз таңдауын жасады. Айта кетейік, облыста 911 сайлау учаскесі бар.

Еркінбек Шалтан, «Шапағат» қайырымдылық қорының төрағасы:

– Қазақстан азаматы ретінде бүгін өз таңдауымды жасадым. Партиялық сайлауда кім жеңіске жетсе де елдің қамы мен болашағы үшін жұмыс істегенін қалаймыз. Бізге елді ойлайтын партия, елді ойлайтын азаматтар ел басшылығынан көрінгенін қалаймыз.

Балтагүл Оспанова, қалалық әйелдер кеңесінің мүшесі:

– Біз болашақ ұрпағымыздың бақытты өмір сүруі үшін осындай сәтте таңдауды жақсы жасауымыз керек. Бұның маңызы зор. Сондықтан Қазақстан халқын, түркістандықтарды, жерлестерімізді дауыс беруге шақырамыз.