420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс сайлауында Қызылорда халқы белсенділік танытуда. LIVE

  • 68
  • UPD: 18:57, 10.01.2021

Тарихи күні Сыр бойылықтар да өз таңдауын жасауға белсене қатысып жатыр.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Сырбойылықтар да еліміздегі саяси маңызы зор науқанға белсене араласуда. Біз қазір нөмірі 243-і сайлау учаскесінде тұрмыз.

Әрине, бірінші кезекте санитарлық талаптар ескеріледі. Әрбір дауыс берушінің дене қызуы өлшеніп, қорғаныш маскасы таратылып жатыр. Арақашықтық сақтауға да мән беріліп отыр. Тіпті комиссия мүшесіне азаматтар жеке куәліктерін қолға бермей ұсынуы керек. Жалпы, Қызылорда облысы бойынша барлығы 376 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Оның 120-ы облыс орталығында орналасқан. Сондай-ақ қала аумағындағы әскери бөлім, аурухана секілді сайлаушылардың уақытша болу орындарында 26 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Облыстағы сайлау барысын байқаушылар да назарда ұстап отыр.

Осы уақытқа дейінгі дауыс беру барысы қалай өтіп жатыр? Бұл туралы біз тұрған сайлау учаскесінің төрағасынан сұраған болатынбыз.

Нұрлан Таубаев, №243 сайлау учаскесінің төрағасы:

Айта кетейік, 492 мыңнан астам сырбойылық сайлауға қатысуға құқылы. Аймақта 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі сайлаушы бар. Олардың учаскеге келіп, өз таңдауын жасауы үшін 30-ға жуық инватакси қызмет көрсетуде. Сондай-ақ қарт кісілер және науқастығы бар азаматтар үшін жылжымалы жәшік қызмет көрсетуде.

Хабар 24 телеарнасы