1942 жылдан бері елдегі барлық сайлауға белсенді қатысып келеміз – Соғыс ардагері

1942 жылдан бері елдегі барлық сайлауға белсенді қатысып келеміз – Соғыс ардагері

Қарағандылық соғыс ардагері Бүркіт Есжанов ақсақал өмірлік серігі Күмісжан әжеймен бірге таңғы сағат 7-де №169-сайлау бөлімшесіне ең бірінші болып барып, дауыс берді.

Небәрі 18 жасында майдан даласына аттанған ол 5-атқыштар дивизиясының құрамында жауға қарсы соғысқан. Батыр атамыз елге тек 1948 жылы оралады. Әжеймен отасқанына 70 жылдан асыпты. 8 баласынан немере, шөбере сүйіп отыр. Қазір жасы 98-де.

Айтуынша, осы күнге дейін 20-дан астам сайлауға қатысыпты.  

Бүркіт Есжанов, соғыс ардагері:

- 1942 жылдан бастап біз республикадағы барлық сайлауға белсенді түрде қатысып келе жатырмыз. Болашақ үшін еңбек етіңдер, болашақ үшін аянбай қызмет етіңдер деп мінекей сайлауды өткізіп жатырмыз. Соған мінекей дауыс беріп жатырмыз.