ҚХП төрағасы А.Қоңыров сайлаушыларын құттықтады

Экзитпол нәтижесі бойынша сайлауда 9,03 процент дауыс жинаған Қазақстан халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров өз әріптестерін құттықтады.

«Халықшылдар» алдын ала жарияланған нәтижеге көңілі толатынын білдіріп, сайлауда жеткілікті дауыс жинаған және қатысқан өзге партияларға сәттілік тіледі.

Айқын Қоңыров, Қазақстан халық партиясының төрағасы:

- Сайлауалды науқан кезінде депутаттыққа үміткерлер үшін тең жағдай қарастырылды. Ешқандай қиыншылық пен кедергі болған жоқ. Экзитпул нәтижесі біздің мүмкіндігіміздің мол екенін көрсетеді. Сайлауалды жұмыстарға қатысқан әріптестеріме және сайлаушыларға ризашылығымды білдіремін.